МУЗЕЙ ЖАҢА ЖӘДІГЕРЛЕРМЕН ТОЛЫҚТЫ

Ұлытау ТВ жаңалықтары

Тарихи-археологиялық музейдің негізі 1978 жылы қаланған. Бүгінде бұл мекеме – археологиялық жәдігерлерді, этнографиялық мұраларды және тарихи-мәдени құндылықтарды сақтайтын бірегей орын. Музей қорында 50 мыңға тарта жәдігер сақталған. Қорды жаңа экспонаттармен толықтыру мақсатында «Тарихта өз атыңды қалдыр» акциясы үнемі ұйымдастырылып тұрады. Бұл жолы акция аясында музей қорына этнографиялық, тұрмыстық, өлке тарихы және тарихи-мәдени құндылығы бар 200-ге тарта  экспонат өткізілді. Қорды құнды экспонаттармен толықтырған қатысушыларға Халық банкі демеуші болып, арнайы сыйлықтар үлестірді. Одан өзге мұражай басшылығы да алғыс хатпен марапаттады.


 

47 жылдық тарихы бар музей жыл сайын бірегей жәдігерлермен толығып келеді. Музей директоры тарихты сақтау ісіне бейжай қарамай, құнды бұйымдарын тапсырған азаматтарға алғысын білдірді. Сондай-ақ, табысталған әрбір жәдігер ұлттық мұра ретінде сақталатынын ерекше атап өтті.Сондай-ақ музейдің болашақта да тарихи маңызы бар құжаттар, фотосуреттер мен мәдени-патриоттық құндылығы жоғары заттарды қабылдауға әрқашан дайын екенін жеткізді.


 

Айта кету керек, «тарихта өз атыңды қалдыр»  акциясы 18 жылдан астам уақыт өткізіліп келеді және жыл сайын мұражай жаңа жәдігерлермен толықтырылып отырады.


 

ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ, АЙДОС ӨМІРБЕКҰЛЫ

«ҰЛЫТАУ»ТЕЛЕАРНАСЫ

 

 


Пікірлер (0)

пікір қосу

ҚАРАЖАЛ ҚАЛАСЫ

показать еще