АППАРАТТЫҚ ЖИЫН
Ulytautv 08-июл, 14:16 0 ЖАҢАЛЫҚТАР / ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ
2025 жылдың алғашқы 5 айының қорытындысы бойынша аймақта мал шаруашылығы өнімінің көлемі 17,3 млрд теңгені құраған. Аталған көрсеткіш өткен жылғы деңгейден 1,0 млрд теңгеге артық. Бұл жөнінде Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Алмат Саухимов баяндады.
Ал, жыл басынан бері облысымызда мал ауруының 5 қолайсыз ошағы тіркеліп, 1 ошақта толығымен сауықтыру жұмыстары жүргізілген. Малға тиетін қауіпті аурулардың алдын алу бойынша да бірқатар іс шаралар атқарылған...
Биыл елімізде Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасымен Ұлттық ауыл шаруашылық санағы өткізіледі. Аймақ басшысы Дастан Рыспеков санақты жауапкершілікпен өткізуді міндеттеді.
Санаққа облыс бойынша 80-ге жуық ауыл шаруашылық кәсіпорындары мен 3800 шаруа қожалықтары мен жеке кәсіпкерлер қатысады деп жоспарлануда.
Мұқағали Сейтқазы, Айдос Өмірбекұлы
«ҰЛЫТАУ» телеарнасы