ЖАҢА АВТОБУСТАР ЕЛ ИГІЛІГІНЕ БЕРІЛДІ

Ұлытау ТВ жаңалықтары

Жайлы, заман талабына сай, ыңғайлы, оған қоса, экологияға зиян көп келтірмейтін 29 орындық Yutong маркалы автобустар 3 және 11 бағытта жүре бастады. Қала әкімі қоғамдық көліктерді аралап, техникалық ахуалын көзбен көрді. Жүргізушілермен тілдесіп, қызмет көрсету сапасы мен жолаушылар жайлылығына мән берді.


 

Техника қоғамдық тасымалдау саласындағы әлемдік сапа стандарттарына сәйкес келеді. Жылытқыш пеші де әлдеқайда көп. Автобустың жүру интервалы 15 минут.


 

Жандос ТУЛЕШОВ «Ulytau Bus» ЖШС бас директоры

 

Бұл автобустар 360 градус бейнебақылау камераларымен және электронды төлем жүйесімен жабдықталған. Сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған пандустар орнатылған. Тұрғындардың қолайлығы үшін желдеткіштер де қарастырылған.

 

Нұрбол САДЫҚОВ қалалық автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі бөлімінің басшысы

 

Бізде негізгі тасымалдаушы «Ulytau Bus» ЖШС.қазіргі уақытта бізде барлығы 13 маршрут бойынша субсидиляау келісімшарты рәсімделген. Және барлық субсидиялау арнайы қағаида бойынша жүргізіледі.

 

Сәрсенбай Күзембаевтың қоғамдық көлік жүргізіп келе жатқанына биыл 17 жыл болыпты. Айтуынша, бұл жұмыс оңай емес, түрлі жағдайлар кездесіп жатады. Дегенмен жолаушыны діттеген жеріне аман-есен жеткізу – жүргізушінің басты міндеті. Ал жаңа автобустардың келуі – үлкен қуаныш. Жүргізуші үшін барлық жағдай жасалған – дейді ол.


 

Сәрсенбай КҮЗЕМБАЕВ жүргізуші

 

Әр жолаушының діттеген жеріне жетуіне біз жауаптымыз. Автобус ұнап жатыр. Барлық жағдай жасалған. Кондиционер бар.

 

Қоғамдық көлікте төлемнің екі түрі қарастырылған. Қолма-қол төлем – 150 теңге. Ал банк картасы арқылы төлем жасаған жағдайда жол ақысы 80 теңге болады.


 

ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ, АЙДОС ӨМІРБЕКҰЛЫ

«ҰЛЫТАУ» ТЕЛЕАРНАСЫ


Пікірлер (0)

пікір қосу