АВТОМАТТЫ БАҚЫЛАУ ЖҮЙЕСІ ОРНАТЫЛҒАН КӘСІПОРЫНДАР

Ұлытау ТВ жаңалықтары

Баспасөз туры екі күнге созылды.Алғашқы күні тілшілер Жезқазған жылу электр орталығында болды.1952 жылдан бері жұмыс істеп тұрған нысан бүгінде қуаты 252 мегаватт болатын 8 қазандық және 5 турбоагрегатпен тұрғындарды жылумен қамтамасыз етіп отыр.Сондай-ақ жылу электр орталығыжылу сапасын сақтау мен қоршаған ортаға келер зиянды азайту үшін қазандықтар мен сүзгі жүйелерін кезең-кезеңімен жаңғыртып келеді.Жыл соңына дейін бірнеше қазандыққа күрделі және кеңейтілген жөндеу жұмыстары жоспарланған.


 

Ермек ЖУМАКАНОВ Жезқазған ЖЭО операциялық директоры

 

Бізде негізі енді 3 құбыр бар түтін құбыры.Соның біріншісі ол кезінде выведен болған эксплутациядан,өйткені средний блок қазандықтарға болған,екінші труба қазір так же выведено,но біз оны будем восстанавливать. 3ші мысалы түтін құбыры ол бізде ең үлкен,230 метр биіктігі.2024 жылы біз осы құбырға АСМ жабдықтарын салдық.

 

Мониторинг жүйесі кәсіпорыннан шығатын зиянды заттардың құрамын анық көрсетеді. Ол қоршаған ортаға таралатын зиянды қалдықтардың мөлшерін реттеуге де септігін тигізеді. Ең бастысы кәсіпорынның экологиялық ахуалы туралы ақпараттар бірыңғай мәліметтер базасына тіркеліп,экология департаментіне жолданады. Осы арқылы мамандар экологиялық нормалардың орындалуын нақты уақыт режимінде бақылап отырады.


 

Шабдан ТЫНЫМБАЕВ Ұлытау облысы бойынша экология департаменті басшысы орынбасарының м.а.

 

Енді бұл мониторингті автоматтандырылған жүйенің қажеттілігі бұл мекемеден шығарылған шығарымдардың көлемін анықтау және мынау қалаға және осы өндіріс аймақтарының экологиялық ахуалын бағалау және халықтың денсаулығына қауіп келетіндей әрекеттердің алдын алу және мынау заң талаптарын орындау және мынау қоғам алдында ашық есептелу болып саналады.Енді бұл мониторингті ақпараттық жүйе бұл жай техника емес,бұл дегенміз енді мынау болашақ ұрпақ алдындағы жуаупкершілік деп есептеймін.

 

Баспасөз турының екінші күні Жезқазған мыс қорыту зауытында жалғасты. Бұл- еліміздегі алғашқы болып автоматтандырылған экобақылау жүйесін енгізген өндіріс ошақтарының бірі. Мұнда орнатылған еуропалық жабдықтар газ құрамындағы ластаушы заттарды дәл есептеп, үздіксіз тіркеп отырады. Қазір жүйе толықтай штаттық режимде жұмыс істейді және алынған деректер тікелей экология министрлігіне жолданады.


 

Максим ФИЛИППОВ «Экосервис-С» ақпараттық жүйелер департаментінің директоры

 

Бұл жүйе 2021 жылдан бастап тәжірибелік режимде іске қосылды. 2024 жылы толық модернизация жасалды. Қазір үздіксіз жұмыс істейді.Жезқазған және Балқаш зауыттары-алғашқы болып бұл жүйені енгізген кәсіпорындар. Бұл нағыз жауапкершілік пен заманауи экомәдениеттің белгісі деп ойлаймын.

 

Бүгінде Ұлытау облысы бойынша 1-санаттағы 6 өндірістік кәсіпорынның 5-еуі автоматтандырылған экобақылау жүйесін орнатып үлгерді. Алтыншы мекемеде құрылыс-жөндеу жұмыстары аяқталған соң орнатылады деп күтілуде.Ал жаңа мониторингтік жүйе қоғам үшін маңызды. Бұл жай талапты орындау ғана емес,адам денсаулығы мен табиғатқа деген жанашырлық. Облыстағы кәсіпорындар осы бағытта нақты әрі жүйелі жұмыс атқарып келеді.


 

АЙДАНА БАЗАРБАЙҚЫЗЫ, АЙДОС ӨМІРБЕКҰЛЫ

«ҰЛЫТАУ» ТЕЛЕАРНАСЫ

 


Пікірлер (0)

пікір қосу