АППАРАТТЫҚ КЕҢЕС
Ulytautv 30-июн, 10:48 0 ЖАҢАЛЫҚТАР / ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ
Күн тәртібіне шығарылған алғашқы сұрақ: Сумен қамтамасыз ету және су бұру жүйелерін дамыту,су үнемдеу және цифрлық технологиялары енгізу шаралары. Облыс бойынша сумен жабдықтау желілерінің жалпы ұзындығы 1315 шақырым.2022 жылы қалалық елді мекендер 100%, ауылдық елді мекендер 95,2% таза ауыз сумен қамтамасыз етілсе, қазіргі уақытта ауылдық елді мекендерді сумен қамтамасыз ету 97,3% - ға дейін жеткен. Облыста 72 ауылды елді мекен бар, оның ішінде 41 ауыл орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған, 6 ауылды елді мекенге суды тазартудың кешенді блок модулі орнатылған.
Алмас ЖАНДАРБЕКОВ энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы
Алмас Жандарбеков ауылдарда халық санынынң азаюына байланысты оңтайландыру жұмыстарын жүргізу қажет деді. Ал 4 аулыдқ елді мекенде су желілерін салуға жоба әзірленіп жұмыстар басталған.
Дастан РЫСПЕКОВ Ұлытау облысының әкімі
Сондай-ақ, 2024 жылы «Жезқазған қаласының шаруашылық ауыз су құрылыстарына дейін 51 шақырым су желілерін сала отырып, Үйтас-Айдос су құбырын реконструкциялау 1 кезек» жобасы аяқталды. Бұл жобаның нәтижесінде Ұлытау облысының орталығындағы халыққа беріліп отырған тіршілік нәрінің 30%-ы жерасты суынан алынып отырғаны айытылды. Жезқазған және Сәтбаев қалаларының кәріз тазарту құрылыстарын қайта жаңарту жобасын іске асыру бойынша жол картасы әзірленген. Жобаларды іске асыру Азиялық даму банкі есебінен жоспарланып отыр.
Ал, цифрлық технологияларды енгізу шаралары туралы облыстық цифрлық технологиялар басқарма басшысының міндетін атқарушы Ғабиден Дүкембаев баяндады.Ол,ақылды қала, яғни смарт сити бойынша ақпарат айтты. Облыстағы тұрғын үйлерде су тұтынуды есепке алатын заманауи цифрлық су есептегіштер орнатылмаған, сол себепті де Жезқазған және Сәтбаев қалаларында пилоттық жобаларды жүргізіп, көпқабатты үйлер мен әлеуметтік нысандарда цифрлық су есептегіштер орнатыду тұтынушыларға міндеттеуді ұсынды.
Күн тәртібіне шығарылған келесі мәселе: мүгедектігі бар адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту бойынша атқарылып жатқан жұмыстар.Бұл бойынша атқарылған жұмыстарды Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдармалар басқармасының басшысы Құрмет Саттыбаев тізіп шықты. Жалпы, облыс бойынша мүгедектігі бар адам саны – 11341 оның 1075-і бала. Аймақ басшысы психонервологиялық ауралуры бар мүгедек жандарға арналған орталық ашу қажеттігін айтты.
Дастан РЫСПЕКОВ Ұлытау облысының әкімі
Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Ұлытау облысы бойынша департаментінің басшысы да өз саласы бойынша баяндама жасады. Дастан РЫспеков жауапты басқарма басышларына бүгінгі жиында талқыланған мәселелер бойынша тапсырмалар жүктеді.
ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ, ДУМАН ОРАЗОВ
«ҰЛЫТАУ» ТЕЛЕАРНАСЫ