ЖАҢА АВТОБУСТАР ЕЛ ИГІЛІГІНЕ БЕРІЛДІ
Ulytautv 09-июл, 15:18 0 ЖАҢАЛЫҚТАР / ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ / ЖЕЗҚАЗҒАН ҚАЛАСЫ
Жайлы, заман талабына сай, ыңғайлы, оған қоса, экологияға зиян көп келтірмейтін 29 орындық Yutong маркалы автобустар 3 және 11 бағытта жүре бастады. Қала әкімі қоғамдық көліктерді аралап, техникалық ахуалын көзбен көрді. Жүргізушілермен тілдесіп, қызмет көрсету сапасы мен жолаушылар жайлылығына мән берді.
Техника қоғамдық тасымалдау саласындағы әлемдік сапа стандарттарына сәйкес келеді. Жылытқыш пеші де әлдеқайда көп. Автобустың жүру интервалы 15 минут.
Жандос ТУЛЕШОВ «Ulytau Bus» ЖШС бас директоры
Нұрбол САДЫҚОВ қалалық автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі бөлімінің басшысы
Сәрсенбай Күзембаевтың қоғамдық көлік жүргізіп келе жатқанына биыл 17 жыл болыпты. Айтуынша, бұл жұмыс оңай емес, түрлі жағдайлар кездесіп жатады. Дегенмен жолаушыны діттеген жеріне аман-есен жеткізу – жүргізушінің басты міндеті. Ал жаңа автобустардың келуі – үлкен қуаныш. Жүргізуші үшін барлық жағдай жасалған – дейді ол.
Сәрсенбай КҮЗЕМБАЕВ жүргізуші
Қоғамдық көлікте төлемнің екі түрі қарастырылған. Қолма-қол төлем – 150 теңге. Ал банк картасы арқылы төлем жасаған жағдайда жол ақысы 80 теңге болады.
ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ, АЙДОС ӨМІРБЕКҰЛЫ
«ҰЛЫТАУ» ТЕЛЕАРНАСЫ