ҰЛЫТАУЛЫҚ 9 КӘСІПОРЫН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУҒА ҚАТЫСАДЫ

Ұлытау ТВ жаңалықтары

Көрме – отандық тауар өндірушілердің жетістіктерін көрсетіп, оларды қолдау мен ынталандыруға арналған. Металлургтер алаңында өткен ілкімді шараға аймақ басшысы Дастан Рыспеков арнайы қатысты.


 

Ашық аспан астындағы көрмеде - өңірдің өнеркәсіп, азық-түлік өндірісі, былғары, киіз және күмістен жасалған қолөнер бұйымдары, ұлттық киімдер мен тұтыну тауарларын өндірушілер қатысты. Олар аймақтың әр түкпірінен келген...


 

Ұлытау облысы Кәсіпкерлер палатасының өкілдері мұндай шаралардың жергілікті кәсіпкерлер үшін берері мол дейді. Себебі, кәсіпкерлер бұл жоба арқылы республикалық деңгейдегі бизнес алаңдарға жолдама алады.


 

Көрме қортындысында үздік атанған 9 кәсіпорын бағалы сыйлықтармен марапатталып, республикалық байқауға жолдама алды. Көрме-байқауға келген тұрғындар мен қонақтар отандық тауар өндірушілердің өнімдерімен танысып, өздеріне ұнаған тауарларды сатып алды.


               


Мұқағали Сейтқазы, Думан Оразов

«ҰЛЫТАУ» телеарнасы


Пікірлер (0)

пікір қосу