ТАРИХИ ЖӘДІГЕРЛЕРДІ САҚТАУ ЖӘНЕ ЖАҢҒЫРТУ ЖҰМЫСТАРЫ
Ulytautv 13-май, 09:18 0 ЖАҢАЛЫҚТАР / ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ
Тасын түртсең тарих айтатын Ұлытау даласында жергілікті маңызы бар 490, ал, республикалық маңызға ие 17 ескерткіш ресми тіркелген. Жыл соңына дейін бұл тізімге ірілі-ұсақты 100-ге жуық нысанды енгізу жоспарлануда. Әрине, ең алдымен барлығы дерлік ғылыми тұрғыда зерделенбек. Мәселен өткен жылы...
Бұл жұмыстар өңірдің туристік әлеуетін арттырғу да серпін бермек. «Тарихи-мәдени мұраны сақтау орталығының» ұйытқы болуымен биылғы жылы да бірнеше көне қорымдар зерттелмек...
Аталған мақсаттардағы жұмыстарға облыстық бюджеттен ескерткіштерді қайта қалыпқа келтіруге 60 миллион теңге, ал, археологиялық зерттеулерге 48 миллион теңге бөлінген. Сонымен қатар, Жошы хан кешенінің аумағына қазба жұмыстары қолға алынбақ. Бұл мақсаттарға республикалық бюджеттен 75 миллион теңге қарастырылған.
Мұқағали Сейтқазы, Думан Оразов
«ҰЛЫТАУ» телеарнасы