ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРІ ӨНДІРІС ОШАҒЫНА БАРДЫ
Ulytautv 16-май, 10:50 0 ЖАҢАЛЫҚТАР / ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ
Жыланды кеніші – «Қазақмыстың» құрамындағы жаңа кен орындардың бірі. Өндіріс орнында 400 ге жуық кенші жұмыс істейді. Министр еңбек ұжымымен кездесіп, еңбекті қорғау нормаларын сақтау мәселелерін талқылады. Сонымен қатар, «Шығыс Сарыоба» ашық карьерінің де жұмысымен танысты. Светлана Жақыпова ең алдымен еңбек қауіпсіздігі талаптары қатаң сақталу керек деді.
Сондай-ақ министр кеншілер асханасы мен олар тұтынатын ас мәзірін бақылады. Кеніш басшылығы ұжымдық келісімшарт шеңберінде еңбеккерлерге төленетін әлеуметтік төлемдердің биылғы жылдан бастап артқандығы жөнінде айтты. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі «Қазақмыстың» бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында атқарып жатқан жұмыстарына оң бағасын берді.
Мұқағали Сейтқазы, Думан Оразов
«ҰЛЫТАУ» телеарнасы