ЖАС ҚАЛАМГЕРЛЕР ҰЛЫТАУДА БАС ҚОСТЫ
Ulytautv 19-май, 12:20 0 ЖАҢАЛЫҚТАР / ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ
Алғашқы күні жас ақын-жазушылар Жошы хан, Алашахан Домбауыл кесенелері мен Хан Оордасы сияқты тарихи-мәдени нысандарды аралап, ұлт шежіресіне қатысты маңызды деректермен танысты. Келесі күні «Ұлы дала елінің рухани темірқазығы-Ұлытау» атты семинар өтіп, оған еліміздің түкпір-түкпірінен келген жас қаламгерлер, министрлік жанынан құрылған «Алқа» әдеби клубының мүшелері және жергілікті зиялы қауым өкілдері қатысты. Олар,аударма ісі мен балалар әдебиетін дамыту секілді мәселелерді талқылады, Сондай-ақ іс-шара барысында ұлттық әдебиеттің алтын қорына енген 100 көрнекті туындыны анықтауға бағытталған жалпыұлттық сауалнама кеңінен талқыланды. Олардың сапар барысындағы жазбалары алдағы уақытта жинақ түрінде шығарылады.
Айта кетейік, ҚР мәдениет және ақпарат министрлігінің жанынан құрылған «Алқа» жастар әдеби клубы жас қаламгерлерді қолдау, тарихи-рухани мұраны насихаттау бағытында бұған дейін Астана, Алматы, Жетісу, Абай және Қарағанды облыстарында әдеби турлар мен көшпелі отырыстар өткізген болатын.
Семинар-кеңестің негізгі мақсаты –отандық ақын-жазушылардың шығармашылығы арқылы ел рухын көтеру және Ұлытау өңірінің ұлт тарихындағы айрықша орнын кеңінен таныту. Демек мақсат орындалды.
ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ, БЕКЖАН МАРАТҰЛЫ
«ҰЛЫТАУ»ТЕЛЕАРНАСЫ
[media=https://youtu.be/sYZjTAFaZac]