ЖАС ҚАЛАМГЕРЛЕРДІҢ ОТАУЫ

Ұлытау ТВ жаңалықтары

2023 жылдың қарашасында қанатын қаққан «Ұлар» әдеби клубының  қатарында бүгінде 30 ға жуық қаламгер бар. Шығармашыл жастарға жиірек бас қосып, жазған-сызғандары жөнінде пікір алмасып тұратын алаңнын қажеттігі жөнінде көптен айтылып жүр еді. Енді, міне, облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының қолдауымен бұл мәселе шешімін тапты.


 

Әдеби клуб кеңсесінің салтанатты ашылуына ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі жанынан құрылған «Алқа» әдеби клубы мен өңірдегі зиялы қауым өкілдері арнайы қатысты.


 

Ұларлық қыз жігіттер жаңа кеңседе – әдеби жүздесулер өткізіп, руханиятқа қатысты бірқатар жобаларды қолға алуды жоспарлауда.


 

Мұқағали Сейтқазы, Айдос Өмірбекұлы

«ҰЛЫТАУ» телеарнасы


Пікірлер (0)

пікір қосу