СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ФАКТІСІ АНЫҚТАЛДЫ
Ulytautv 30-июн, 10:45 0 ---
Сыбайлас жемқорлық туралы хабарлаған адам мемлекеттің қорғауында болады. Жуырда Қарағанды қаласының тұрғыны Ұлытау облысындағы қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінің қызметкерлері сотталған күйеуіне интернетке кіруге көмектескені үшін пара алғанын хабарлаған. Азаматшаның дер кезінде шағымдануының нәтижесінде бұл факт тіркеліп, кінәлілер анықталып, тиісті жазаға тартылды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Ұлытау облысы бойынша департаменті азаматтарды сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарына бейжай қарамауға және оларды анықтау мен жолын кесуге белсенді атсалысуға шақырады. Мемлекет, өз кезегінде, сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлаған адамдарды жан-жақты қорғайды, ал олардың жеке мәліметтерін жариялағандар қылмыстық жауапкершілікке тартылады.
Нина КАРЕЛИНА Қарағанды қаласының тұрғыны
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет барлық азаматтарды сыбайлас жемқорлық фактілерін білген жағдайда үнсіз қалмай, 1424 нөміріндегі Call-орталыққа қоңырау шалуға немесе +7 777 000 14 24 WhatsApp нөміріне жазуға шақырады.