ЖАҢААРҚА АУДАНЫ

Арнайы жұмысшы топ өлекселерді жинау жұмыстарын жүргізуде

Бөлісу:

Жылқылар қатқан қарда тебіндей алмай, аштықтан бұратылып өлген. Қазіргі таңда барлық село, ауыл әкімдері ветеринарламен бірлесіп нақты шығын болған малдарды анықтау жұмыстарын жүргізуде. Наурыздың соңына дейін облыстағы өлексе санының нақты тоқтамы жасалады. Бүгінгі таңда жиналған өлексе саны-1367. 


Берік ӘБДІҒАЛИҰЛЫ Ұлытау облысының әкімі 

Шөпті дайындау, былтыр біз 1 млрд 400 миллион қаражат бөлдік жұттың болатынын білгендей. Оның жартысыны 700 миллионнан аса Жаңаарқа ауданының фермерлеріне таратып бердік құжаты бар. Берілмегені биыл берілді. Биыл төтенше жағдай болғанда ғана бере аламыз. Ал былтыр бердік. Облыс ашылды. Сіздерге қолдау болсын деп. Енді сол қаражат қалай жұмсалды. Неге фермерлер дайын болмай қалды? 


Жиында облыстық ветеринария басқармасының басшысы Әбусағит Әбдікер өлген жылқылар ветеринариялық базаға тіркелмегенін жеткізді. Аймақ басшысы қазіргі уақытта көрсетіліп жатқан цифрлар – жылқының нақты шығыны емес деді.Сол себепті де нақты шығынды,өлексені санау жұмыстары аяқталған соң, тиісті көмек шаралары қарастырылмақ. «Мешіт»шаруа қожалығының иесі Мағауия Әбілжанов мал шаруашылығмен айналысп жүргеніме қанша болды. Биыл ғана осындай қиын жағдайға тап болып отырмын дейді. 

 

Мағауия ӘБІЛЖАНОВ «Мешіт»шаруа қожалығының иесі 

Осы жасыма дейін бірінші рет тура биылғы жағдайды кездестірдім. Шөптің аздығы, жердің тарлығы бұрыңғыға қарағанда мал басы 10 есеге дейін көтеріліп кетті. Бір жер болғаннан кейін шөптің де шығыны төмендеп кетті. Облыс әкіміне жаңа мен айттым. Келешекте мынау ауылдық жердегі шаруа қожалықтары сырқа шығу керек. Жер айырбастау керек. 


Жалпы, Жаңаарқа ауданы агроөнеркәсіп кешенінде 12 ЖШС, 987 шаруа қожалығы жұмыс істеп тұр. Шығынға ұшыраған мал санын анықтау, шаруа қожалықтарына жылқыларды тиісті орындарға жеткізіп алу үшін материалдық-техникалық көмек көрсету,жем-шөп бағасын тұрақты ұстап тұру жұмыстары атқарылды.  Өңірде малдарды бірдейліндіру мен тіркеп көрсету мәселесі де өзекті. Кездесуде бұл мәселені де қарастыру керек екені айтылды. 


ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ, АЙДОС ӨМІРБЕКҰЛЫ «ҰЛЫТАУ»ТЕЛЕАРНАСЫ


Күнтізбе

«    Декабрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
Біздің ақпараттық бюллетеньге жазылыңыз!
Біз спам жасамаймыз
Парақшаның жұмысын бағалаңыз)

Тегтер бұлты