АРДАГЕРЛЕР САЙЫСЫ
Ulytautv 26-май, 16:58 0 ЖАҢАЛЫҚТАР / ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ
Аталмыш жарысқа Астана, Сатбаев және Жезқазған қаласының ардагер спортшылары қатысты. Мұндағы мақсат- еңбектің маңыздылығын арттырып, кәсіби шеберлікті дәріптеу, еңбек адамдарының мәртебесін көтеру.
Досет Уатаев Ұлытау облыстық дене шынықтыру және спортты дамыту орталығының басшысы
Сондай-ақ, жергілікті билік өкілдері де арнайы шақыртылып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Өңірімізге арнайы келген Астана қаласы «Ардагер» спорт клубының президенті, ҚР Қарулы күштер жоғары қолбасшылығының өкілі Абай Тасболатов пен ҚР волейбол ардагерлері Федерациясының Президенті, ҚР еңбек сіңірген спорт қайраткері Әсет Әділхан құттықтау сөз сөйлеп ардагерлерге алғыс хат табыс етті.
Абай Тасболатов Астана қаласындағы «Ардагер» спорт клубының президенті
Әсет Әділхан ҚР еңбек сіңірген спорт қайраткері
Сайыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер кубоктармен, медальдармен марапатталды.Айта кетейік, 3 күнге арналған тур әрі қарай Жошы хан тарихи-мәдени кешені, Алашахан кесенесі, Хан ордасы, Алтыншоқы тау массиві, Бұланты шайқасы болған тарихи жер, Жезді тау-кен және балқыту ісі тарихи мұражайына және Қарсақбай кентіндегі Қаныш Сатпаев мұражай-үйінде жалғасын таппақ.
АЛМА СӘЛІМЖАНҚЫЗЫ, АЙДОС ӨМІРБЕКҰЛЫ
«ҰЛЫТАУ» ТЕЛЕАРНАСЫ