ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ

"Менің сүйікті кітабым" челленджі басталды

Бөлісу:

Әр оқу ордасы челендж аясында белгілі бір кітапты атап өтіп, оқуға шақырады. «Мақсат – оқушылардың кітап оқу белсенділіктерін арттыру». Шараға республикамыздың барлық өңірі тікелей байланыс арқылы қатысты. Шарт бойынша эстафетаны бір облыс екіншісіне жолдайды.  Ал, біздің аймақ Шығыс Қазақстан облысына қандай туынды ұсынды?  

 

Абай ОРАЗ Абай атындағы мамандандырылған мектеп интернатының мұғалімі 

Осы жергілікті Жаңаарқаның тумасы,қазаққа белгілі жазушы Ақселеу Сейдімбектің «Ақ қыз» деген туындысын Шығыс Қазақстан облысына ұсынамыз. 


Республикалық деңгейдегі шараға мектеп оқушылары белсенділік танытуда.1 мектептің 10сынып  оқушысы Нұрәділ Сапар қазір телефонға телмірген заман болды дейді. Ал мынау челлендж кітапқа қызығушылықты оятқан үлкен бастама деп есептейді. 

 

Нұрәділ САПАР №1 ЖББМ оқушысы 

Негізі өте пайдалы,қазіргі жастарымыз өкінішке орай кітапты аз оқиды. Осыны әрі қарай дамыту үшін кітап оқу жобасын тиімді деп санаймын. 


Ал біздің облыстың оқушылары Түркістан облысынан келген челленджді қабылдап алды.Олар енді Санжар Керімбайдың «Өзбекәлі және мәдени майдан» кітабын оқиды. Эстафета аясында ұйымдастырушылар түрлі тапсырмалар әзірлеген. Іс-шара 28 ақпанынан 1 сәуірге дейін жалғасады. Демек оқушылар 1 айда берілген кітапты оқып аяқтауы тиіс. 

 

ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ, БЕКЖАН МАРАТҰЛЫ «ҰЛЫТАУ»ТЕЛЕАРНАСЫ


Күнтізбе

«    Ноябрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
Біздің ақпараттық бюллетеньге жазылыңыз!
Біз спам жасамаймыз
Парақшаның жұмысын бағалаңыз)

Тегтер бұлты