«ЖАСЫЛ ОЙЫНДАР» ЭКО ОЙЫНДАРЫНА 500 ОҚУШЫ ҚАТЫСТЫ
Ulytautv 19-май, 12:46 0 ЖАҢАЛЫҚТАР / ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ
«Жасыл ойындар» -бұл тек жарыс емес, табиғатқа жанашырлықты,салауатты өмір салтын насихаттайтын маңызды бастама. Аты айтып тұрғандай,жастар футбол, баскетбол, волейбол спорттық ойындарына қатысып қана қоймай, экологиялық акцияны қолдады. Алып кәсіпорын мұндай іс- шараларды дәстүрлі түрде өткізіп тұрады.
Есет ҚАРАЕВ «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС әлеуметтік саясатты дамыту жөніндегі менеджері
Акция аясында Жезқазған қаласында мектеп аумақтары толық тазартылып, 40-тан астам қап қоқыс жиналды. Ал Сәтбаев қаласындағы «Жеңіс» саябағында өткен сенбіліктен кейін бір жүк көлігі толы қоқыс шығарылып,барлық қалдықтар тиісті мекемелерге тапсырылды.Оған қатысушылар мұндай іс-шараның маңыздылығын айтып,қала тұрғындарын белсене атсалысуға шақырды.
Бейбарыс БАЙЗАКЕШ акцияға қатысушы
Айша ИГЕНБАЕВА акцияға қатысушы
Акция нәтижесі бойынша барлық қатысушы балаларға естелік сыйлықтар табысталды. Ал үздік нәтиже көрсеткен командалар жүлделі орындарға ие болды. Ұйымдастырушылардың айтуынша,бұл игі бастама алдағы уақытта да жалғасын табады.
АЙДАНА БАЗАРБАЙҚЫЗЫ, ДУМАН ОРАЗОВ
«ҰЛЫТАУ» ТЕЛЕАРНАСЫ