ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ АРАЛАУЫ

Ұлытау ТВ жаңалықтары

Сапар аясында өңір басшысы Қарсақбай–Байқоңыр бағытындағы облыстық маңызы бар жолдың орташа жөндеу жұмыстарын бақылады. Жұмыстарды «Тұран табыс-2008» ЖШС жүргізуде. 2024 жылы басталған жұмыс әлі толық аяқталмаған. Оған себеп те жоқ емес. Жүк көліктері көмірді мөлшерден тыс салып тасиды, соңы асфальттың бұзылуына әкеліп соғады. Мердігер былтырғы жұмысымыз зая кетті деп отыр.


 

Облыс әкімі ауыр жүк көліктерін жүргізуді уақытша  тежеу керектігін айтып оларға айналма жол салып беруді ,сондай-ақ сапаның жоғары деңгейде орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды.  Одан әрі аймақ басшысы бастаған топ Байқоңыр ауылындағы фельдшерлік-акушерлік пункттің құрылысын көрді.   Құрылыс жұмыстары аяқталған соң нысанның іші жаңа жиһазбен, медициналық құралдармен жабдықталады. 1 айдың көлемінде ашу жоспарда бар.


 

Құрылыс жұмыстарын бағамдаған Дастан Рыспеков алдағы уақытта келетін медицина қызметкерлерін тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесін қарастыру қажет екенін айтты. Сондай-ақ ауылдағы жалпы білім беретін мектепке де барды. Онда білім ошағын қадағалап, бюджет қаражатын үнемді әрі тиімді пайдалану, артық шығындарға жол бермеу қажеттігін тапсырды. Сонымен бірге балабақша жұмысымен танысып, нысанды ұқыпты ұстау және жөндеу жұмыстарын жүргізу міндеттелді.


 

Сапар аясында облыс әкімі Байқоңыр–Қоскөл бағытында көктемгі су тасқынынан зардап шеккен аумақтарды аралап, қайта қалпына келтіру жұмыстарының сапасына назар аударды. Аладғы көктемгі кезеңге жан-жақты дайындық жүргізу қажеттігін ескертті. Әкім барған келесі нысан- Қоскөл ауылында салынған фельдшерлік-акушерлік пункт.Әлі қолданысқа берілмеген.  Бұл жерде мердігерлердің жауапсыздығы жатыр. Аймақ басшысы кемішіліктерді түзесін деді. Жылу мәселесін шешуді тапсырды. Қазір, ауылда 1 фельдшер бар, тағы маман қажеттілігі туындап отыр. Бұл бойынша да оған жауапты басқарма басшысына тапсырма жүктеді. Ауылдағы №11 жалпы білім беретін мектептің жағдайын да көрді. Білім ордасында 80 бала оқиды.  Балғындардың жұмысын көріп оң бағасын берді.


 

Білім беру мекемесінің материалдық-техникалық базасын нығайту бойынша нақты тапсырмалар берді. Сондай-ақ облыс басшысы ауыл тұрғындарымен кездесіп, ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Тұрғындар негізінен жол және көше жарығына қатысты мәселелерді көтерді. Өңір басшысы көтерілген сұрақтардың барлығы бақылауға алынатынын жеткізді.


 

ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ, БЕКЖАН МАРАТҰЛЫ  

«ҰЛЫТАУ»ТЕЛЕАРНАСЫ

[media=https://youtu.be/ZYuRy87RV_c?si=1oUmzrXL7yL9xsZM]

 

 


Пікірлер (0)

пікір қосу

ҚАРАЖАЛ ҚАЛАСЫ

показать еще