Тұрғындар тілегі тыңдалды

Ұлытау ТВ жаңалықтары

Облыс әкімдері үшін азаматтарды жеке қабылдау — қалыптасқан дәстүр. Кездесуден кейін облыс басшысы тұрғындардың жеке мәселелерін тыңдады. Алдын ала үш адам өтініш білдірген. Олардың екеуі ауыл шаруашылығына қатысты сұрақтарын қойды. Жарқынбек Бөлендин өз шаруашылығына инвестор тартуға көмек сұрады.


 

Әкім сол жерде «Ұлытау» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Садыбековке бұл мәселені бақылауға алып, қолдау көрсетуді тапсырды. Тағы бір азамат баспана мәселесін көтерді. Ұлытау ауылындағы Асатов көшесіндегі үй апатты деп танылған. Әкім тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесін тұрғын үйге жауапты басқарма басшысына қадағалауды тапсырды. Сондай-ақ, пәтер кезегіне тұруды ұсынды. Көтерілген мәселелер назардан тыс қалмайтытын жеткізді.


 

Одан әрі аймақ басшысы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Қасиетті Әулиетаудың етегінде ашылған Мемлекеттік рәміздер алаңына барды. Сапар барысында облыс әкімі аудан әкімі Аманжол Мырзабековке алаңды абаттандыру және жарықтандыру жұмыстарын жандандыруды тапсырды. Сонымен қатар, Ұлытаудағы ауа райының құбылмалы болуына байланысты Мемлекеттік Туды күтіп ұстау мәселесіне де ерекше назар аударды. "Көк байрақ әрдайым биік те, көрікті жағдайда тұруы тиіс", — деді өңір басшысы.


ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ, ДУМАН ОРАЗОВ



«ҰЛЫТАУ»ТЕЛЕАРНАСЫ



Пікірлер (0)

пікір қосу

Бейне-репортаждар

показать еще