Облыс әкімі халықпен кездесті
Ulytautv 02-май, 19:44 0 ЖАҢАЛЫҚТАР / ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ / ҰЛЫТАУ АУДАНЫ
Бұл – аймақ басшысының әкім қызметіне кіріскелі бері аудан халқымен алғаш кездесуі. Мұндай кездесулер халық пен билік арасындағы көпірді жалғап, жалпы облыс пен Ұлытаудың өзекті мәселелерін жедел шешуге мүмкіндік беретін конструктивті диалог алаңы, – деді Дастан Рыспеков.Ол алдымен облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуындағы атқарылған жұмыстар мен негізгі өзгерістерге тоқталды.
Дастан РЫСПЕКОВ Ұлытау облысының әкімі
Ұлытау ауданының бюджеті де облыс құрылған сәттен бастап, айтарлықтай өскен деді. Яғни, ауданның жалпы бюджеті 19%-ға өсіп, 2025 жылы 9,5 млрд теңгеге жеткен. Биыл, 3,2 млрд теңгеге 22 инфрақұрылымдық жобаны іске асыру көзделген.Инвестицияға келер болсақ: Ұлытау ауданы бойынша Исмаил шаруа қожалығының Қаракеңгір ауылында жаңбырлату машиналарын пайдалана отырып жемшөп және көкөніс дақылдарын өндіру жобасы іске асырылады.Инвестиция көлемі 700 млн теңге құрап, жылына 10 мың тонна өнім алу жоспарланған. Жалпы, аймақ басышсы әр салаға тоқталып, аудан халқын бір кісідей жұмыла атсалысуға шақырды. Әкімдік тарапынанан көмек,қолдау болатынан жеткізді. Кезек тұрғындардың сауалдарына келді.
Кездесуге қатысқан басқарма басшылары да өз салаларына қатысты сұрақтарға сол жерде жауап берді.
ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ, ДУМАН ОРАЗОВ
«ҰЛЫТАУ»ТЕЛЕАРНАСЫ