АЭРОБТЫ ГИМНАСТИКАДАН ЖЕЗҚАЗҒАН ҚАЛАСЫНЫҢ АШЫҚ БІРІНШІЛІГІ
Ulytautv 20-май, 14:19 0 ЖАҢАЛЫҚТАР / ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ / ЖЕЗҚАЗҒАН ҚАЛАСЫ
Аэробты гимнастикадан өткен жарыста қатысушылар 5 жас ерекшелігі бойынша жеке және командалық сындарда бақ сынады. Облыстық гимнастика федерациясының басшысы соңғы жылдары өңірде бұл спорт түріне қызығушылық артып, жасөспірімдер арасында кеңінен қанат жайып келеді дейді.
Ольга ЦОЙ Ұлытау облыстық гимнастика федерациясының жетекшісі
Аэробикалық гимнастика — көркем гимнастика, хореография және фитнес элементтерін үйлестіретін заманауи әрі қарқынды спорт түрі. Жарыс барысында қатысушылар жоғары дайындық деңгейін, көркемдік қабілеті мен мықты физикалық дайындығын көрсетті. Айта кету керек, жезқазғандық гимнасттар жуырда Алматыда өткен Қазақстан чемпионатынан оралды. Олар ел біріншілігінде жақсы нәтиже көрсетіп, өңір абыройын қорғады.
Жарыс қорытындысы бойынша қазылар алқасы әр жас санаты бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтады. Біріншілік қалның спорттық өміріне үлес қосып, жарысқа қатысушылардың шеберліктерін шыңдауға және тәжірибе алмасуға мүмкіндік берді.
ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ, ДУМАН ОРАЗОВ
«ҰЛЫТАУ»ТЕЛЕАРНАСЫ