«ДАЛА ҚЫРАНДАРЫ» СПОРТ АЛАҢДАРЫН ЖАҢҒЫРТУ ЖОБАСЫН ҚОЛҒА АЛДЫ

Ұлытау ТВ жаңалықтары

Таңертеңгі күн таза ауада сергіту жаттығуларымен басталды. Одан кейін қатысушылар спорт алаңының аумағында сенбілік ұйымдастырып, белсенді түрде жұмыс істеді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, #жаттығу жобасы – бұл тек ауладағы дене жаттығулары ғана емес, 2022 жылдан бері жастар арасында қоғамдық орындарға жауапкершілік пен құрмет сезімін қалыптастырып келе жатқан үлкен қозғалыс.


 

Волонтерлер аумақты тазалап, шамамен 2 тоннаға жуық қоқысты жинап, арнайы орынға жеткізді. Сонымен бірге, ағаш көшеттері отырғызылды. Іс-шараға 40-тан астам адам атсалысты. Нәтижесінде спорттық алаң аймағы жаңарып, көркейе түсті.


 

Мұндай шаралар еліміздің түкпір-түкпірінде ұйымдастырылды. Бір күн ішінде 5000-нан астам волонтер мен белсенділер түрлі аймақтарда демалыс орындары мен аулаларды көркейту жұмыстарын қатар жүргізді. Жобаның негізгі мақсаты – салауатты өмір салтын дәріптеу және азаматтық белсенділікті арттыру.


 

ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ, ДУМАН ОРАЗОВ

«ҰЛЫТАУ»ТЕЛЕАРНАСЫ

 

 


Пікірлер (0)

пікір қосу

ҚАРАЖАЛ ҚАЛАСЫ

показать еще