САЛЫҚ ОРГАНДАРЫ РЕЙД ҰЙЫМДАСТЫРУДА
Ulytautv 20-май, 15:09 0 ЖАҢАЛЫҚТАР / ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ
Жезқазғанда сауда және қызмет көрсету саласындағы кәсіпкерлерге қатысты кезекті салықтық тексеру жұмыстары жүргізілді. Тексерудің негізгі мақсаты – бақылау-кассалық машиналарының бар-жоғын анықтау және оларды қолдану талаптарының сақталуын қадағалау. Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, соңғы уақытта кейбір кәсіпкерлердің бақылау кассалық машиналарын қолданбай табыс жасыру әрекеттері жиілеп кеткен. Бұл – салық заңнамасын өрескел бұзу болып табылады. "Бақылау-кассалық машиналарын қолдану – әр кәсіпкердің заңды міндеті. Бұл тұтынушы құқығын қорғап қана қоймай, көлеңкелі экономиканың алдын алады. Тексеру нәтижесінде бірнеше нысанда Бақылау-кассалық машиналарын мүлде тіркелмегені немесе қолданылмай жатқаны анықталды. Мұндай кәсіпкерлерге әкімшілік жаза қарастырылған.
Сырым Бижаксин, Ұлытау обылсы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті түсіндіру жұмысы және байланыс орталығы бөлімінің басшысы
Перизат Дәлкенқызы, Думан Оразов
«Ұлытау» телеарнасы