ТҰРҒЫНДАРҒА МӘМС-ТІҢ МӘНІ ТҮСІНДІРІЛДІ
Ulytautv 21-май, 17:54 0 ЖАҢАЛЫҚТАР / ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ / ЖЕЗҚАЗҒАН ҚАЛАСЫ
Филиал мамандары алдымен тұрғындарға МӘМС пакеті шеңберінде қолжетімді медициналық қызметтердің кең спектрін таныстырып, мәртебені алу жолдары мен тексеру тәсілдерін айтты.
Диана ОРАЗАЛИНА ӘМСҚ Ұлытау облыстық филиалының халықты ақпараттандыру және өтініштерді қарау бөлімінің жетекшісі
Акция аясында қалалық емхананың мамандары сонымен қатар ЖИТС-ке қарсы күрес орталығының медицина қызметкерлері халыққа салауатты өмір салтын ұстанудың, скринингтік тексерулерден өтудің маңыздылығын түсіндірді. Сонымен қатар, олар ВИЧ-инфекциясын және қандағы қант деңгейін анықтауға арналған экспресс-тесттер жүргізді. Бұдан бөлек, тұрғындар артериялық қысымды, бой мен салмақты өлшеу мүмкіндігіне ие болды.
Акция барысында қан қысымы мен қант деңгейі жоғары көрсеткіш берген азаматтар терапевт маманның кеңесін алды. Дәрігер олардың жағдайына байланысты жеке тексеру мен емдеу жоспарын әзірлеп, клиникалық ұсынымдарға сай жолдама берді.
Талғат СӘБИҒАЗЫ Жеқазған қалалық емханасының терапевт-дәрігері
Қазіргі күні артериалық қан қысымының өсуі Қазақстанда өте үлкен мәселе болып тұр. Соған байланысты біз бүгін Мечта және Самади сауда үйінде акция өткізіп жатырмыз. Осы акцияға қатысуыларыңызды сұраймыз.
Тұрғындарға ақпараттық жадынамалар таратылды. Дәрігерлер скринингтік тексерулерден уақытылы өтуге кеңес берді.
ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ, БЕКЖАН МАРАТҰЛЫ
«ҰЛЫТАУ» ТЕЛЕАРНАСЫ