ЖАҢА АВТОДРОМНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРІП ЖАТЫР
Ulytautv 22-май, 10:52 0 ЖАҢАЛЫҚТАР / ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ
Қаланың шетінде орналасқан автодромның әбден тозығы жеткен. Соған қарамастан, автомектептер практикалық сабақтарды осы ескі алаңда өткізіп келеді. Ол қазіргі заманауи талаптарға мүлдем сай емес. Оған қоса, курсанттар практикалық емтиханды тапсыру үшін басқа қалаларға қатынайды.
Антон ВЕНЦ автомектеп директоры
Перевод: Біздің оқушылар теориялық сабақты осында өтеді, ал практиканы өту үшін басқа өңірлерге барады. Яғни, Астана,Қарағанды, Шымкент қалаларына барып өтеді. Практикадан бірден өтіп кету де оңай емес екені белгілігі. 2-3 рет баруға тура келеді. Қаншама шығын.
Талғат СЕРІКБАЙ қала тұрғыны
Ұлытау облысында теориялық экзамен тапсырамыз, ал практика бізге өте қиын. Алдында брондау онлайн болатын. Оны да алып тастады. Қазір брондау үшін өзіміз барамыз. Қарағанды ма, Астана ма, Қызылорда ма. Ол қаражат жағынан қиындау боп тұр. Броньдаймыз да тапсыратын күні қайта барамыз. Бір емес екі рет барып тұрмыз біз.
Қазіргі таңда 1,5 млрд теңгеге заманауи автодром салынып жатыр. Әзірге жұмыстың 10 пайызы аяқталған
Әли БЕКЕНОВ Ұлытау обылстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының бөлім басшысы
Құрылыс жұмыстары өткен жылы басталды. Қазір барлық инженерлік желілер мен электр жүйелері тартылды. Қазіргі таңда автодромның аумағын нақтылау жұмыстары жүргізілуде. Болашақта бұл жерде автоцон да бой көтереді.
Жергілікті билік өкілдерінің айтуынша, жаңа нысанды тамыз айында қолданысқа берілмек.
ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ, БЕКЖАН МАРАТҰЛЫ
«ҰЛЫТАУ»ТЕЛЕАРНАСЫ