ЖАҢА АРТ НЫСАН АШЫЛАДЫ

Ұлытау ТВ жаңалықтары

Ғарышкерлер аллеясында орналасқан арт-нысан – қалаға көрік қосып, тұрғындардың жаңа сүйікті орнына айналды. Ашылу салтанатына қала әкімі Қайрат Шайжанов, «Азия-Сервис» ЖШС-нің құрылтайшысы Михаил Кан, шығармашылық ұжымдар және қала тұрғындары қатысты.


 

Михаил КАН  «Азия-Сервис»  ЖШС құрылтайшысы

 

Бұл өңірге біз алғаш рет кіші архитектуралық нысан сыйладық.Бұған дейін келгенімізде,сіздердің облыстарыңыз жаңадан құрылып жатқан еді.Сол кезде ақ біз Жезқазған қаласына,жалпы Ұлытау облысына осындай ерекше тарту жасағымыз келді.

 

Арт-нысанның ерекшелігі — оның заманауи дизайнында. Металл қаңқадан жасалып, тығыз поливинилхлоридпен қапталған бұл құрылым көк және сары түсті жылтырақ элементтермен безендірілген. Ол кез келген мерекеге бейімделіп, әртүрлі пішінге ене алады. Бұл халыққа арналған тарту болғандықтан-  нысанды да  халық ашты.


 

Арт-нысанның іргетасы темірбетонмен бекітілген.Ол табиғаттың 4 мезгіліне де төтеп бере алады. Бүгінде бұл арт-нысан – тек әдемі композиция ғана емес, қала тұрғындарының жүрегінен орын алып үлгерген нысанға айналды.


 

АЙДАНА БАЗАРБАЙҚЫЗЫ, ДУМАН ОРАЗОВ

«ҰЛЫТАУ» ТЕЛЕАРНАСЫ


Пікірлер (0)

пікір қосу

ҚАРАЖАЛ ҚАЛАСЫ

показать еще