АШЫҚ ЕСІК КҮНІ
Ulytautv 26-май, 17:20 0 ЖАҢАЛЫҚТАР / ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ
Биылғы жылдың 22 мамыр мен 1 маусым аралығында елімізде алғаш рет Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Қазақстан балалары» ұлттық науқаны басталған болатын. Аталмыш науқан аясында мамандар қабылдау жұмыстарын жүргізіп, «Баланы дамыту кабинетінде» аудиологиялық скрининг және антропометриялық өлшеулер жасады. Емханаға тіркелген балғындар үшін арнайы консультациялық-диагностикалық көмек ұйымдастырылып, аурудың алдын алу және оңалту бойынша ата-аналарға қажетті ақпараттар айтылып, тегін кеңестер берілді.
Гүлнұр БЕСПАЕВА Жезқазған қалалық емханасының психологі
Сондай-ақ, емхана жанында «Жастар денсаулығы орталығы» жұмыс істейді. Онда 10жас пен 29 жас аралығындағы жастар психологиялық, медициналық көмекке жүгіне алады.
АЛМА СӘЛІМЖАНҚЫЗЫ, ДУМАН ОРАЗОВ
«ҰЛЫТАУ» ТЕЛЕАРНАСЫ