РЕПРОДУКТИВТІ ДЕНСАУЛЫҚ АПТАЛЫҒЫ БАСТАЛДЫ
Ulytautv 14-май, 09:55 0 ЖАҢАЛЫҚТАР / ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ
Іс-шараға Жезқазған қалалық емханасының дәрігерлері мен жастар денсаулық орталығының мамандары,сондай-ақ Ұлытау облысы әйелдер істері жөніндегі комиссия мүшелері қатысты.Мамандар жыныстық жолмен берілетін инфекциялар мен АИТВ жұқпаларының алдын алу туралы ақпарат берді.
Гүлнұр БЕСПАЕВА Жастар денсаулығы орталығының психологы
Бүгін ЖИГК коледжінде қыздар арасында,болашақ жастар арасында біз репродуктивті денсаулық жайында түсіндірме жұмыстарын жүргізіп өттік. Оның ішінде жасөспірімдердің болашақ денсаулығы жайында ақпарат берілді. Негізгі бұл іс-шараның өтуі мақсаты денсаулыққа кеңінен көңіл бөлу,оны аялау,алдағы уақытта өзіне зиян келтірмеудің ең алғы шарттары болып табылады.
Сондай-ақ ерте жүктіліктің және зиянды әдеттердің алдын алу жайлы кеңес берді.Кездесу ашық форматта өтті.Студенттер өз сұрақтарын қойып,нақты жауап алды.
Нұрайым ЖҰМАБЕК Жезқазған индустриалды - гуманитарлық колледжінің студенті
Бұл кездесуден мен өте көп мағұлмат алдым.Яғни өз болашағыма,өзімнің отбасыма деген пайдалы ақпараттарды алдым.Бұндай кездесулер өте пайдалы деп ойлаймын,себебі интернеттен қарағанша шын өмірден осылай ақпарат алған дұрыс деп ойлаймын.
Апталық 16 мамырға дейін жалғасын таппақ.Акция аясында ашық есік күндері, дәрістер, тренингтер мен онлайн-вебинарлар ұйымдастырылады.
АЙДАНА БАЗАРБАЙҚЫЗЫ, АСХАТ ЖАҚСЫЛЫҚ
«ҰЛЫТАУ» ТЕЛЕАРНАСЫ