СЫҢҒЫРЛА, СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ
Ulytautv 26-май, 17:29 0 ЖАҢАЛЫҚТАР / ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ / ЖЕЗҚАЗҒАН ҚАЛАСЫ
№4 орта мектептің оқушылары кезекті оқу жылын сәтті аяқтады.Болашаққа қадам басқан түлектерге қала әкімінің орынбасары Берік Әбен,мектеп директоры мен ұстаздар жүрекжарды тілектерін арнады.
Берік ӘБЕН Жезқазған қаласы әкімінің орынбасары
Мария МЕРЕНКОВА 11 "Б" сыныбының сынып жетекшісі
Биыл бұл білім ордасында 1556 оқушы оқу жылын тәмамдады. Бір түлек «Алтын белгіге» үміткер атанып отыр. Жас түлектер алдарында тұрған үлкен жауапкершілікті терең сезінеді. Қолдары гүлге, көздері үмітке толы шәкірттердің алтын ұяларына деген қимастығы жүздерінен байқалады.
Бұл сәтте ата-аналардың да жүректерін ерекше толқу мен қуаныш биледі. Кеше ғана мектепке алғаш қадам басқан кішкентай бүлдіршіндері бүгінде есейіп, үлкен өмір жолына қадам жасап тұр.
Түлектер ұстаздарына арнап ән шырқап, мектеп қабырғасында соңғы рет оқушы ретінде вальс биледі. Салтанат соңын қоңырау сыңғыры түйіндеді.
АЙДАНА БАЗАРБАЙҚЫЗЫ, ДУМАН ОРАЗОВ
«ҰЛЫТАУ» ТЕЛЕАРНАСЫ