ЕСЕПТЕ ТҰРҒАНДАР САЙЫСҚА ТҮСТІ
Ulytautv 12-май, 13:32 0 ЖАҢАЛЫҚТАР / ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ / ЖЕЗҚАЗҒАН ҚАЛАСЫ
Спартакиадаға пробация қызметінде есепте тұрған азаматтардан құралған Жезқазған қаласының екі командасы және Сәтбаев қаласының бір командасы қатысты. Қатысушылар төрт спорт түрінен — футбол, арқан тартыс, аралас эстафета және гір көтеруден сынға түсті. Бұл жарыстарда қатысушылардың күш-жігері, ептілігі мен командалық жұмыс дағдылары сыналды.
Әнұран орындалған соң,қатысушыларға төрешілер таныстырылып, жарыстың тәртібі мен ережелері түсіндірілді. Сонымен, спартакиада басталды. Жарыс қатсуышалрының қимылдары ширақ. Ойыншылар бір-біріне дес берер емес.
I орын иегері
Мен эстафетаға қатыстым, бәрі қатты ұнады. Қазір түзелу жолындамын, осындай шаралар көбірек ұйымдастырылса екен деймін. Бірінші орынды иелендік.
II орын иегері
Мен эстафетаға қатыстым, бәрі қатты ұнады. Қазір түзелу жолындамын, осындай шаралар көбірек ұйымдастырылса екен деймін. Бірінші орынды иелендік.
Жарыс қорытындысы бойынша командалық есепте бірінші орынды Сәтбаев қаласының командасы жеңіп алды. Екінші орынды Жезқазған қаласы №1 командасы иеленсе, үшінші орын Жезқазған қаласы №2 командасына бұйырды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер медальдармен, дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.Сотталғандарды қоғамға бейімдеу үшін мұндай шаралар алдағы уақытта да жалғасын таппақ.
ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ, ДУМАН ОРАЗОВ
«ҰЛЫТАУ»ТЕЛЕАРНАСЫ