ҚАНАТ ҚАҚТЫ ТҮЛЕКТЕР
Ulytautv 26-май, 17:34 0 ЖАҢАЛЫҚТАР / ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ
«Соңғы қоңырау» салтанатынан – жас түлектердің үлкен өмірге деген алғашқы қадамдары басталады. Қ.И.Сәтбаев атындағы №7 мектеп лицейі аймағымыздағы айтулы оқу ордаларының бірі. Білімнің бәйтерегіне баланған мәртебелі мектептен биыл тура 69 түлек қанат қағуда. Түлектердің 3- еуі «Алтын белгі», 3 еуі «үздік аттестатқа» үміткер
Дастан РЫСПЕКОВ Ұлытау облысының әкімі
Білім ұясындағы соңғы күн болғандықтан, барлығы да өнерін көрсетті. Бойларын қимастық сезім билеген жас түлектер алдағы жоспарымен бөлісті. Мектеп қабырғасындағы соңғы салтанатты шараларына қатысқан олар үшін бүгінгі күн тарих!
Түлектер ұстаздарына арнап ән шырқап, мектеп қабырғасында соңғы рет оқушы ретінде вальс биледі. Салтанат соңын қоңырау сыңғыры түйіндеді.
ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ, БЕКЖАН МАРАТҰЛЫ
«ҰЛЫТАУ» ТЕЛЕАРНАСЫ