ЖЕЗҚАЗҒАНДЫҚ ОҚУШЫЛАР РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУДАН ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ
Ulytautv 27-май, 13:47 0 ЖАҢАЛЫҚТАР / ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ / ЖЕЗҚАЗҒАН ҚАЛАСЫ
Оған еліміздің әр өңірінен 158 жуық оқушы қатысты. Олар Әбіш шығармаларын мәнерлеп оқып, сахналап, өнерлерін көрсетті. Сондай-ақ ғылыми жоба қорғап, илюстрациялық сурет салудан да бақ сынады. №8 гимназия оқушылары сахналық қойылым бағыты бойынша жүлделі 3 орынды жеңіп алып, облыс абыройын асқақтатты.
Жәңгірхан ЕРЛАНҰЛЫ «Әбіш оқулары» байқауының жүлдегері
Кәусар БАЙДАЛЫ «Әбіш оқулары» байқауының жүлдегері
Оқушылар тек байқауға ғана қатысып қоймады. Әбіш әлеміне терең бойлап, ұлт әдебитеіне деген сүйіспеншілігі артты дейді ұстазы.
Бағлан ДОСЖАНОВА №8 гимназияның қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі
Алма БАЙСАЛОВА ата-ана
Осылайша гимназия оқушлыары бұл додада өздерінің білімдері мен өнерлерін дәлелдей алды. Айта кетейік, «Әбіш оқулары» 2018 жылдан бастап республикалық деңгейде өткізіліп келеді.
ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ, ДУМАН ОРАЗОВ
«ҰЛЫТАУ» ТЕЛЕАРНАСЫ