АУДАНДА ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖАНДАНДЫ

Ұлытау ТВ жаңалықтары

Жеке кәсіпкердің бастамасымен салынып жатқан бұл үйлер бір қабатты, әрқайсысы 2 пәтерден тұрады. Әр пәтердің аумағы 85 шаршы метрді құрайды. Құрылыс жұмыстары мамыр айының 10-ында басталған.


 

Әлхайыр РЫСҚҰЛ  учаске басшысы

 

Жалпы құрылыс ауданы 850 шаршы метрді құрайды. Қазіргі таңда құрылыс алаңында 15  жұмыскер жұмыс жасаап жатыр. Барлығы графикке сәйкес. График бойынша құрылысты осы жылдың 2 жартысында тапсыруға тырысамыз.

 

Құрылысқа пайдаланылатын барлық материалдар отандық өнім. Мемлекеттік қолдаумен қатар, жеке инвестициялардың тартылуы әлеуметтік мәселелерді шешуге серпін беріп отыр. Айта кету керек, аудан бойыншапәтер кезегін күткен 109 азамат бар,оның 37-і әлеуметтік осал топтағы жандар.


 

ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ, ДУМАН ОРАЗОВ

«ҰЛЫТАУ» ТЕЛЕАРНАСЫ

 

 


Пікірлер (0)

пікір қосу

ҚАРАЖАЛ ҚАЛАСЫ

показать еще