ӨНЕРІМЕН ТӘНТІ ЕТКЕН ЖЕЗҚАЗҒАНДЫҚ ӨРЕН
Ulytautv 28-май, 13:48 0 ЖАҢАЛЫҚТАР / ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ / ЖЕЗҚАЗҒАН ҚАЛАСЫ
Радиофестиваль былтыр қыркүйек айында басталған.Оған 6 жастан 18 жасқа дейінгі балалар қатысты.Балғындардың бірі белгілі композиторлардың шығармаларын орындаса, енді бірі өздері ән шығарып, көптің назарына ұсынды. Солардың арасынан желіде ең көп дауыс жинаған, үздік 13 туынды ғана таңдап алынған. Яғни Амина Жүсіп сол үздіктердің қатарынан көрінді.
Амина ЖҮСІП «Әншуақ» республикалық фестивалінің қатысушысы
Осылайша Амина ҚР оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың қолынан диплом алды. Ұстазы бір оқу жылының көлемінде 3 кезеңнен де сүрінбей өтіп, осындай дәрежеге жетіп отырмыз дейді
Жанат БАЙМАХАНОВА №21 ЖББМ музыка пәнінің мұғалімі
Жүсіп ИБРАЕВ Аминаның атасы
Жұлдыз ДҮЙСЕНБАЕВА Аминаның әжесі
Айта кету керек, «Әншуақ» фестивалі Оқу-ағарту министрлігінің бастамасымен биыл екінші жыл қатарынан ұйымдастырылуда және ол мәдени, тәрбие беру бағытындағы маңызды жобаға айналып келеді.Алдағы уақытта да Амина өнер жолында талай белестерді бағындырып, Жезқазғанның абыройын асқақтата береді деген сенімдеміз.
ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ, ДУМАН ОРАЗОВ
«ҰЛЫТАУ» ТЕЛЕАРНАСЫ