МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫ ХҚКО ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Ұлытау ТВ жаңалықтары

Экскурсияны «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Ұлытау облыстық филиалының қызметкерлері өткізді. Жастар Халыққа қызмет көрсету орталығының жұмысымен жақын танысып, мемлекеттік корпорация атқаратын негізгі бағыттары жөнінде жан-жақты мағлұмат алды. Оқушыларға цифрлық технологиялардың мемлекеттік қызметтерді алу үдерісін қалай оңайлатып, ашық әрі қолжетімді ететінін көрсетті. Сонымен қатар, олар түрлі электрондық сервистерді пайдалану жолдарын үйренді. Іс-шара Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің қолдауымен өтті.


 

Ринат ӨМІРБЕКОВ Ұлытау облысының «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ директорының м.а.

 

Іс-шара барысында балаларымызға кішкентай қонақтарымызға халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысын,бұнда күнделікті қандай мемлекеттік қызмет түрлері алынады,қанша адам келеді,яғни жалпы заманауи технологияларды қолданып қалай мемлекеттік қызмет түрлерін алуға болатындығын түсіндірілген болатын.Жалпы іс-шараның басты мақсаты – бұл цифрлық сауаттылықты балалардың үйренуіне ынталандыру.

 

Шара барысында цифрлық қауіпсіздік мәселелеріне де ерекше көңіл бөлінді. Балаларға интернеттегі жеке деректерді қорғау жолдары мен сенімді құпиясөздерді қолданудың маңыздылығы түсіндірілді. Олар орталықтың күнделікті жұмысына қызығушылық танытып, мамандардың қызметін бақылап отырды.


 

Кездесу соңында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Ұлытау облыстық филиалы директорының міндетін атқарушы Ринат Өмірбеков оқушыларды мерекемен құттықтап, оларға Мемлекеттік корпорация жұмысы және интернеттегі қауіпсіз мінез-құлық бойынша шолу курсын сәтті аяқтағаны туралы арнайы сертификаттар табыстады.


 

АЙДАНА БАЗАРБАЙҚЫЗЫ, ДУМАН ОРАЗОВ

«ҰЛЫТАУ» ТЕЛЕАРНАСЫ


Пікірлер (0)

пікір қосу

ҚАРАЖАЛ ҚАЛАСЫ

показать еще