ТЕАТРДА ЖАҢА ҚОЙЫЛЫМ САХНАЛАНДЫ
Ulytautv 28-май, 13:58 0 ЖАҢАЛЫҚТАР / ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ
Қойылымды Қазақстанның халық әртісі, белгілі режиссер Талғат Теменов сахналады. Туынды желісі бойынша үлкен сапарға үмітпен шыққан бір әулеттің төрт азаматы күтпеген қатерге тап болады. Көзге түртсе көргісіз қалың тұманнан кішкентай қайық үстіндегі жандар өлімнің тырнағына ілініп, ақырғы сапарға аттанды. Жас бала үшін өздерін өлімге қиған отбасы мүшелерінің іс-әрекеті қазақ халқының ұрпақ жалғастығы жайлы терең түсінігін көрсетті.
Досхан СӘКЕН, С.Қожамқұлов атындағы Ұлытау облыстық музыкалық-драма театрының директоры
Қайғы-қасіретке толы дастанды көрерменге түсінікті етіп жеткізу оңай емес дейді, қойылым режиссері Талғат Теменов. Сол себепті де ол еліміздің театрларында сирек қойылады. Дегенмен дәл осы күрделілігі оның көркемдігін арттыра түскендей.
Сахнаға сәуле, жүрекке салмақ түсірер спектакльден көрерменнің көңілге түйері де көп болды. Айта кетейік, қойылымға кәсіби әрістермен қатар театр студенттері мен мектеп оқушылары да қатысты. Сондай-ақ, облыс әкімі Дастан Рыспеков құрметін білдіріп, арнайы ықылас гүлін табыс етті.
АЛМА СӘЛІМЖАНҚЫЗЫ, ДУМАН ОРАЗОВ
«ҰЛЫТАУ» ТЕЛЕАРНАСЫ