КӨЛЕҢКЕЛІ ЭКОНОМИКАМЕН КҮРЕС ЖӨНІНДЕГІ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ

Ұлытау ТВ жаңалықтары

Комиссия отырысын облыс әкімінің орынбасары Жәнібек Нөпіров ашып жүргізіп отырды. Онда өңірдің дамуы мен түрлі салалардағы бақылауды күшейтуге қатысты өзекті мәселелер талқыланды. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің аймаққа жеткізілуі күн тәртібінде.


 

Сиыр етін жеткізу бойынша мердігер мен «Ұлытау» ӘКК арасындағы келісім аясында 2% ет өнімі  ғана жеткізілгені анықталды. Аталған келісім шарт қайта қаралады. Сондай-ақ шағын маркеттерге жеткізу мен сату кестесін әзірлеу ұсынылды. Бұл шаралар халықты қолжетімді азық-түлікпен қамтамасыз ету және бөлінген бюджет қаражатын тиімді пайдалану мақсатында қолға алынуда.


 

Нұрлан ТӨЛЕПБАЕВ  Ұлытау облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің аналитикалық әзірлемелер бөлімінің басшысы

 

Сондай-ақ, бүгінгі жиында жүзеге асып жатқан инвестициялық жобалардың өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін стратегиялық маңызы, жобалардың барлық кезеңдерінде, соның ішінде қаржылық, құқықтық және ұйымдастырушылық аспектілерінде туындайтын қауіптердің алдын алу мәселелерін талқыладық. Бұл мәселелер өңірдің беделі мен инвестициялық тартымдылығына теріс әсер етуі мүмкін. Жауапты тұлғалардың бақылауды күшейту қажеттігі айтылды.

 

Жиында, облыс ауруханаларына арнайы медициналық көліктерді сатып алу барысында анықталған олқылықтар бойынша сараптама жасау туралы ұсыныстар берілді.Қаржылық пирамидаларға және басқа да алаяқтық жобаларға қатысуға жол бермеу шаралары бойынша азаматтарды сақтандыру мақсатында жол картасын еңгізу бойынша жауаптыларға  тапсырма жүктелді.


 

Жиын соңында жергілікті атқарушы органдар мен құқық қорғау органдары арасындағы ынтымақтастықты күшейту туралы шешім қабылданды. Басты мақсат – өңірдегі көлеңкелі экономиканың үлесін 15 пайызға дейін төмендету.


 

ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ ДУМАН ОРАЗОВ

«ҰЛЫТАУ»ТЕЛЕАРНАСЫ


Пікірлер (0)

пікір қосу

ҚАРАЖАЛ ҚАЛАСЫ

показать еще