ҚАРЖЫЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК БОЙЫНША QUIZ
Ulytautv 30-май, 14:43 0 ЖАҢАЛЫҚТАР / ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ
Ойын «Заң және тәртіп» жобасы аясында ұйымдастырылды. Жеке қаржы мен капиталды қорғау саласындағы «үздік білгір» атағына таласқан 40-тан астам қатысушы 8 командаға бөлініп бақ сынасты. Куиздің мақсаты- жастардың қаржылық сауаттылығын арттыру. Ұйымдастырушылар мұндай шаралардың алдағы уақытта да тұрақты түрде өткізіліп тұратынын мәлімдеді.
Ақансері Сүлейменов, медиа орталықтың басшысы
Интеллектуалдық куиз сұрақтары жеке қаржы, инвестиция және сақтандыру негіздерінен бастап, қаржылық тәуекелдер мен банктік қызметтерге дейінгі түрлі маңызды тақырыптарды қамтыды. Барлық командалар жоғары дайындық деңгейін, стратегиялық ойлау қабілетін және тиімді командалық жұмысты көрсете білді.
Ақжол ЖАНТІЛЕУОВ қатысушы
Шара соңында жеңімпаздарды марапаттау рәсімі өтті. Зияткерлік ойында үздік нәтижеге қол жеткізген қатысушылар дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.
АЛМА СӘЛІМЖАНҚЫЗЫ, АЙДОС ӨМІРБЕКҰЛЫ
«ҰЛЫТАУ» ТЕЛЕАРНАСЫ