«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫ
Ulytautv 05-июн, 16:57 0 ЖАҢАЛЫҚТАР / ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ
Кеңгір су қоймасы жағалауында жүргізілген тазалық шараларының экологиялық мәдениетті қалыптастырудағы маңызы зор. «Аманат» партиясының облыстық филиалы бастамасымен ұйымдастырылған кезекті таза бейсенбілікке «Жасыл ел»еңбек жасақтары мен Жезқазған индустриялдық-гуманитарлық колледж студенттері де қатысты.
Бекзат ҚҰЛАНБАЕВА «AMANAT» партиясы Ұлытау облыстық филиалының саяси бөлімінің меңгерушісі
Кеңгір жағасын қалыпқа келтіруге 50-ге жуық адам қатысты. Акция барысында демалыс аймағындағы пластик және шыны құтылар жиналып, аумақты ретке келтірді.
Саид НЫШАНХАН Жезқазған индустриалдық-гуманитарлық колледжінің 2-курс студенті
Айта кетейік, атқарылған жұмыс су ресурстарының экожүйелерін қалпына келтіруге және су обьектілерінің тұрмыстық,өндірістік қалдықтармен ластануын алдын алуға бағытталды.
АЛМА СӘЛІМЖАНҚЫЗЫ, АЙДОС ӨМІРБЕКҰЛЫ
«ҰЛЫТАУ» ТЕЛЕАРНАСЫ