ЭКОЛОГТАР МАРАПАТТАЛДЫ
Ulytautv 05-июн, 17:01 0 ЖАҢАЛЫҚТАР / ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ
Бұл күні қоршаған ортаны қорғауға,өңірдегі экология мәселесін шешуге атсалысып жүрген азаматтар әр-түрлі марапаттарға ие болды.Ұлытау облысы әкімінің орынбасары Ұлантай Үсенов сала қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтап, мамандарға облыс әкімдігінің құрмет грамотасы мен алғыс хаттарын, сондай-ақ ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің және облыстық Экология департаментінің марапаттарын табыстады. Бұл қатарда 26 жыл экология саласында еңбек еткен Шабдан Тынымбаев та бар.
Шабдан ТЫНЫМБАЕВҰлытау облысы бойынша экология департаменті басшысы орынбасарының м.а.
Ұлытау өңірі үшіні экология маңызды сала. Аймақта өндіріс орындары шоғырланғандықтан оның қоршаған ортаға әсер ететіні сөзсіз. Қордаланған экологиялық проблемаларды шешу Ұлытау облысы құрылғалы жүйелі жүзеге асып келеді.
Ертай ЖАЙНАЗАРОВ Ұлытау облысы бойынша экология департаменті басшысының м.а.
Салтанатты жиын барысында өңірдің экологиялық ахуалы мен атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде де айтылды.Айта кетейік, Эколог күнінде облыс бойынша 10-нан астам ауқымды іс-шара өтті.
ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ, АЙДОС ӨМІРБЕКҰЛЫ
«ҰЛЫТАУ» ТЕЛЕАРНАСЫ