«ZERDELI ZHEZU» ОҚУШЫЛАРЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДАДА ТОП ЖАРДЫ

Ұлытау ТВ жаңалықтары

 Аталған білім ордасының оқушылары соңғы уақытта білім саласында бірқатар биіктерді бағындырып келеді. Жақында ғана 16 оқушы Назарбаев Зияткерлік мектептеріне білім грантын иеленсе, енді міне халықаралық деңгейде топ жарды.


 

Жолтай ҚАЙРАТ «Zerdeli-ZhezU» халықаралық мектебінің математика пәнінің мұғалімі

 

Фемо олимпиадасында осы Ұлытау обылсы Жезқазған қаласы,Зерделі мектебінен 8 оқушы қатысты. Соның 6 оқушымыз жоғары нәтиже көрсетті. Нақтырақ айтатынболсақ 3 оқушымыз қола медаль, 2 оқушымыз күміс, 1 оқушымыз білім сайысынан алтын медаль иеленді. 

 

Жалпы FEMO – 18-ден астам ел қатысқан,ең беделді математикалық жарыстардың бірі. Оқушылар 1–5 сынып аралығындағы өз қатарластары арасында білім мен тапқырылқты сынға салды.ЖүлдегерлеР, тапсырмалар қиын болғанымен, тыңғылықты дайындық өз нәтижесін берді дейді.


 

Айсұлтан АБЖАН  I орын иегері

 

Фемо олимпиадасына өте қатты дайындалдық. Есептер қиын болды.Бірақ біз жеңіске жеттік.Менің Зерделіге айтатын алғысым шексіз.

 

Қайсар Ниязалы III орын иегері

 

Мен ол жерден 3 орын алсам да бір досым 1 орын алып келді. Олимпиада өте оңай болған жоқ. Біз бүкіліміз қатты тырыстық. Ағайыма, Ата-анама рақмет айтамын.

 

Айман ЕРМЕКБАЕВА  А.Абжанның әжесі

 

Айсұлтан біздің 3 жыл Зерделіде оқып жатыр. Зерделіге айтарым мыңда бір рақмет. 1 жылдың ішінде көп жетістіктерге жетіп жатырмыз. Бұл жолы талаптанып, өзінің қатысуымен 1 орын алдық. 

 

Осылайша халықаралық деңгейдегі білім сайысынан жеңіспен оралған оқушыларды жақындары мен ұстаздары жылы қарсы алды. Бұл жеңіс — мектеп ұжымы мен ата-аналардың бірлескен еңбегінің нәтижесі, сондай-ақ жас буынның білімге деген ынтасы мен табандылығының айқын көрінісі.


 

ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ, ДУМАН ОРАЗОВ

«ҰЛЫТАУ»ТЕЛЕАРНАСЫ

 


Пікірлер (0)

пікір қосу