ҚҰРБАН АЙТ – ҚҰТТЫ МЕРЕКЕ

Ұлытау ТВ жаңалықтары

Ораза айттан кейін 70 күннен кейін басталатын мейрамның Ислам дініндегі маңызы ерекше. Үш күнге созылатын мейрам биыл маусым айының 6 сы, 7і, 8і күндеріне белгіленген.Басқарма өкілінің мәліметінше құрбан шалу рәсімдері облыс көлемінде арнайы белгіленген,санитарлық талаптарға сай жерлерде өтеді.Бұл орындар ветеринарлық бақылаудан өткен.


 

Дулат ТУЛЕГЕНОВ Ұлытау облысының дін істері басқармасының басшысы


 

Құрбан айт жалпы ислам дінінде барлық мұсылмандар үшін ең ұлық мейрамдардың бірі болып табылады. Бұл күндері бауырмалдықты, мейрімділікті, жанашырлықты насихаттайтын халқымыздың жалпы қазақ халқының рухани құндылықтарын нығайтатын ерекше кезеңдердің бірі болып табылады.Облыс әкімдігінің тапсырмасы бойынша Құрбан айт мерекесін өткізуге байланысты барлық ұйымдастыру жұмыстары пысықталып,тиісті мекемелермен бірлесе іс-шаралар өткізіледі.

 

Құрбан айт күндері қайырымдылық шаралары да ұйымдастырылады. Құрбандық еті мұқтаж отбасыларға,көпбалалы аналарға,жалғызбасты қарияларға үлестіріледі. Бұл іске еріктілер мен қоғамдық ұйымдар жұмылдырылады.


 

Бейбіт ЖАНСАРИН Ұлытау облысының бас имамы

 

Барлықтарыңызға келіп жатқан қасиетті құрбан айт мейрамы құтты болсын! Жылдағыдай Дулат Рашидұлы айтқандай мешіттің ауласында ұлттық ойындарды дәріптеу мақсатында дінге қайшы келмейтін, дәстүрімізден асып кетпейтін ұлттық ойындардан сайыстар жамағатымыздың арасында, келушілердің арасында өткізілетін болады. Ол жерде де қомақты сыйлықтар беріледі.

 

Сонымен қатар мереке аясында жастарға арналған мәдени-тәрбиелік кездесулер де жоспарланған.Мешіттерде айт намазы оқылып, бірлік пен сабыр жайлы насихат айтылмақ. Ұлытаулықтар бұл қасиетті күнді ізгі істермен қарсы алуға дайын. Құрбан айт қабыл болсын!


 

АЙДАНА БАЗАРБАЙҚЫЗЫ, БЕКЖАН МАРАТҰЛЫ

«ҰЛЫТАУ» ТЕЛЕАРНАСЫ


Пікірлер (0)

пікір қосу