МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР ҰЛЫҚТАЛДЫ

Ұлытау ТВ жаңалықтары

Ұлытаудағы ілкімді шара Әулиетаудың етегіндегі Мемлекеттік рәміздер алаңында өтті. Осыдан тура 33 жыл бұрын Ту, Елтаңба мен Әнұранымыз бекітілді. Содан бері төл таңбаларымызға бірнеше рет өзгеріс енгізілгенімен, бейбітшілік пен бірліктің қасиетті символы болып қала берді. Аудан әкімі Аманжол Мырзабеков мерейлі мерекемен құттықтап, ауданның көрейюіне үлес қосып жүрген бірқатар азаматқа құрмет грамотасын тапсырды.


 

Аманжол МЫРЗАБЕКОВ Ұлытау ауданының әкімі

 

Қасиетті Әулетаудың етегінде рәміздер алаңы ашылды. 2022 жылы Ұлытауда өткен алғашқы құрылтай Преиздент тапсырған болатын. Біз әрдайым осы мақтаныш сезіммен ұрпақтан ұрпаққа табыстайтын боламыз. Ендеше бар болайық, бір болайық. Еліміз тыныш,халқымыз аман. Туымуыздың мәртебесі биік болсын.

 

Жиын барысында рәміздердің тек мемлекеттік атрибут қана емес, ұлттық рух пен елдің болмысын айшықтайтын құндылық екені айтылды.


 

Серік БАЙМАҒАМБЕТОВ Ұлытау ауданының тұрғыны

 

Былтырғы ашылған рәміздер алаңында бүгін үлкен мереке болып жатыр. Рәміздер күні құтты болсын. Туымыз желбіреп, елімізде бейбітшілік болсын.

 

Мерекелік шара аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары дайындаған концертпен өрнектелді. Сондай-ақ бұл күні велошеру де ұйымдастырылды.


 

ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ БЕКЖАН МАРАТҰЛЫ

«ҰЛЫТАУ»ТЕЛЕАРНАСЫ

 


Пікірлер (0)

пікір қосу