БҮГІН — МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР КҮНІ

Ұлытау ТВ жаңалықтары

1992 жылы Қазақстан ең алғаш Тәуелсіз ел ретінде Мемлекеттік Рәміздерін жариялады. Мемлекеттік Рәміздер – мемлекет негізінің мызғымас бөлігі. Мерекелік шараға қала тұрғындары, еңбек ардагерлері, мемлекеттік мекеме өкілдері, жастар ұйымдарының мүшелері мен қонақтар қатысты.Салтанатты жиын поэтикалық-композициялық қойылыммен ашылды.


 

Салтанатты рәсімнің басты сәті – Мемлекеттік Ту шығарылып, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні орындалды.


 

Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспеков пен облыс прокуроры Жасұлан Еламанов жиналған қауымды мерекемен құттықтап, рәміздерді құрметтеу – баршаға ортақ міндет екенін жеткізді.


 

Дастан РЫСПЕКОВ Ұлытау облысының әкімі

 

Баршаңызды ҚР Мемлекеттік рәміздер күнімен шын жүректен құттықтаймын. Мемлекеттік рәміздер тәуелсіздігіміздің тұғыры, елдігіміздің айғағы. Мемлекеттік ту, елтаңба және гимн халқымыздың рузхын, болмысын, сан ғасырлық тарихын бейнелейін қасиетті құныдылқтар.

 

Жасұлан ЕЛАМАНОВ  Ұлытау облысының прокуроры

 

Көкбайрағымыз- бейбітшілік пен, бірліктің белгісі. Елтаңбамыз- ортақ шаңырағымыздың нышаны.Әнұранымыз- халқымыздың рухы мен мақтанышы. Бұл әр азаматтың жүргенде сақталуы тиіс қасиетті ұғымдар. Қадірлі қауым ! Елге адал қызмет баршамыздың ортақ парызымыз.

 

Ту, Елтаңба және Әнұран. Егемендіктің ең басты белгісі, тәуелсіз елдің нышаны осылар. Рәміздерге құрмет көрсету, өзіңнің елдігіңді бағалау, тәуелсіздігіңді ұлықтау дейді жиынға жианлғандар.


 

Береке КӨШЕНОВ Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі

 

Туы бар, байрағы бар ел- ол нағыз ел ғой. Қаншама елтаңбасы жоқ, әнұраны, байрағы жоқ ел боламай жатқан елдер қаншама. Оған қарағанда қазақ халқы бақытты. Еліміз әрқашандай бай қуатты болсын.

 

Сонымен қатар, Ұлытау облысы жастарының атынан сөз сөйлеген оқушылар болашақ ұрпақтың елдік мұрат жолында еңбек етуге әзір екенін жеткізді. Бүгін Еліміз мемлекеттік рәміздердің 33 жылдығын тойлап жатыр. Рәміздеріміздің әлемдік аренадағы орны ерек. Оны айшықтауға әрқайсымыз мүдделіміз.Туымыз көгімізде, Елтаңба төрімізде , Әнұранымыз көкірегімізде тұрсын! 


ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ ДУМАН ОРАЗОВ 

«ҰЛЫТАУ» ТЕЛЕАРНАСЫ


 


Пікірлер (0)

пікір қосу