«ҰЛТТЫҚ СПОРТ-ҰЛТ РУХЫ» СПАРТАКИАДАСЫ
Ulytautv 03-июн, 16:36 0 ЖАҢАЛЫҚТАР / ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ
Спартакиаданың басты мақсаты-еңбек адамдарының бірлігін нығайту,ұлттық спортты дәріптеу.«Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС-нің өндіріс ошақтарынан келген 400-ге жуық қызметкер қатысқан ауқымды шараның ашылу салтанатында арнайы шақырылған қонақтар жылы лебіздерін білдіріп, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Төлеген БҮКІРОВ «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС жанындағы «Ардагерлер кеңесі» ҚБ төрағасы
Берік ӘБЕН Жезқазған қаласы әкімінің орынбасары
Луиза МИНБАЕВА «Jastar Bolashaq» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы
Спартакиадаға «Қазақмыс корпорациясы ЖШС-нің 20-дан аса өндірістік құрылымдарынан құралған командалар қатысты.Жарыс бағдарламасына қазақ күресі,садақ ату,асық ату,арқан тарту,масрестлинг,қымыз ішу және ет жеу сынды ұлттық спорт түрлері енді. Өндіріс ошақтарындағы еселі еңбек пен спортты қатар алып жүрген жандар жүлделі орыннан көріну үшін барын салып,жарыс тартысты өтті.
Турнир қортындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлерге дипломдар мен медальдар және ақшалай сыйақылар табыс етілді. Ұйымдастырушылар мұндай спорттық сайыстарды өткізуді әрі қарай да жалғастыра бермек ниетте...
АЙДАНА БАЗАРБАЙҚЫЗЫ, ДУМАН ОРАЗОВ
«ҰЛЫТАУ» ТЕЛЕАРНАСЫ