ТАБИҒИ ГАЗДЫ ҚАУІПСІЗ ПАЙДАЛАНУ АСА МАҢЫЗДЫ
Ulytautv 03-июн, 16:46 0 ЖАҢАЛЫҚТАР / ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ
ҚР «Газ және газбен жабдықтау туралы» Заңына сәйкес, әрбір тұтынушы газ жүйелерінің — жабдықтан бастап желдету арналарына дейін — дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз етуге міндетті. Әсіресе, түтін шығару және желдету арналарының жағдайына ерекше назар аудару қажет. Олардың дұрыс жұмыс істеуі тұрғындардың қауіпсіздігіне тікелей әсер етеді.
Кенжегүл ЕРЖАНОВА Жезқазған қаласы тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің бас маманы
Қазіргі таңда Жезқазған қаласында шамамен екі мыңға жуық үй табиғи газбен қамтылған. Дегенмен, мамандардың айтуынша, барлық тұрғындар газды пайдалану кезіндегі қауіпсіздік талаптарына бірдей мән бермейді. Бұл ретте, үлгі боларлық жағдайлар да жоқ емес. Қала тұрғыны Қанат Батырбеков газ жүйесін талапқа сай орнатып, техникалық қызмет көрсететін ұйыммен келісімшарт жасап, барлық қауіпсіздік ережелерін мұқият сақтап отыр. Оның айтуынша, мұндай сақтық — отбасы амандығы мен жайлы өмірдің кепілі
Қанат БАТЫРБЕКОВ Жезқазған қаласының тұрғыны
Сондай-ақ, мамандар төтенше жағдайлардың алдын алу үшін тұншықтырғыш газды анықтайтын құрылғы орнатқан жөн дейді.
ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ, ДУМАН ОРАЗОВ
«ҰЛЫТАУ» ТЕЛЕАРНАСЫ