«ТАСБҰЛАҚ» ДЕМАЛЫС АЙМАҒЫНДА АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Ұлытау ТВ жаңалықтары

Жергілікті тұрғындар мен қонақтар үшін Тасбұлақ — ерекше рухани маңызы бар орын. Бұл — тек табиғи су көзі ғана емес, сондай-ақ ұлттық мерекелер ұйымдастырылатын қасиетті мекен. 12 мамырдан бастап «Тасбұлақтың» тарихи келбетін сақтай отырып, заманауи талаптарға сай абаттандыру жұмыстарын «ӘлемСтрой» ЖШС жүргізіп жатыр. Бүгінде жұмыстардың 60 пайызы аяқталған.


 

Алмат БЕГАЕВ «ӘлемСтрой» ЖШС басшысы

 

Абаттандыру жұмыстарына қоршау болады, навес болады, көгалдандырылады. Гүл егіледі. Қазір туия, елка егілуде. Аталған жұмыстар өз қарқынында жалғасуда. Аталған жұмыстарға материалдарды Алматы қаласынан алып жатырмыз. Отанды өнім. Сертификатталған.

 

Аумаққа жарықтандыру жүйесі тартылып, шағын сәулеттік нысандар орнатылып жатыр. Сонымен қатар, автотұрақ пен арнайы демалыс аймағын жабдықтау жоспарланған. Жаңарған демалыс орны шілде айының 15-інде толықтай пайдалануға беріледі деп күтілуде.  Сондай-ақ, «Тасбұлаққа» апаратын жол бойында балалар ойын алаңының құрылысы жүріп, балалар күнінде пайдалануға берілді.


 

Әділет ӘБДІРАЙЫМ Ұлытау ауылдық округі аппаратының бас маманы

 

2025 жылға облыстық бюджеттен қаржы қарастырылып, «Казкай»ЖШС 2 баллар ойына алаңына келісімшарт жасалды. Оның құны 15 млн теңге.

 

Айта кету керек, «ӘлемСтрой» ЖШС басшысы Алмат Бегаев – Ұлытаудың тумасы.Тасбұлақты күтіп-ұстау жұмыстары келісімшартта қарастырылмағанына қарамастан, ол бұл міндетті де өз мойнына алатынын жеткізді.


 

ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ, ДУМАН ОРАЗОВ

«ҰЛЫТАУ» ТЕЛЕАРНАСЫ


Пікірлер (0)

пікір қосу