ӨҢІР БАСШЫСЫНЫҢ ЖҰМЫС САПАРЫ
Ulytautv 03-июн, 13:00 0 ЖАҢАЛЫҚТАР / ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ
Облыс әкімі атбасын бұрған алғашқы нысан- Ғалым Жарылғапов атындағы аграрлық колледж.1960 жылы құрылған бұл білім ордасында 4 мамандық бойынша мамандар даярланады. Онда 29 ұстаз еңбек етеді, оның 5-еуі жас маман. Қазіргі таңда оқу ошағында 142 студент білім алуда. Колледж басшылығы қосымша қажетті мамандықтар ашуды көздеп отыр. Себебі,оқуға деген сұраныс бар. Сондай-ақ колледжге заман талабына сай зертханалар қажет екенін айтады.
Бексұлтан МАҒРҰПЖАН Ғ.Жарылғапов атындағы аграрлық колледжінің мұғалімі
Сейдрахман ИГЕНБЕКОВ Ғ.Жарылғапов атындағы аграрлық колледжінің аға өндірістік оқыту шебері
65 жылдық тарихы бар білім ордасы күрделі жөндеуді қажет етіп тұр. Соңғы бес жылда мұнда ешқандай жөндеу жұмыстары жүргізілмеген. Шеберхананың шатыры жоқ, спорт зал талапқа сай емес, асхана апатты жағдайда тұр.
Нысанды аралап шыққан аймақ басшысы колледжге тиесілі жатақхана аумағын қалыпқа келтіруді, жалпы білім ордасын дамытуды жол картасына енгізуді тапсырды.
Облыс әкімі одан әрі облыстық маңызы бар " Самарқа-Атасу-Айнабұлақ" бағытындағы жолдың орташа жөндеу жұмысын бақылады. Жұмыстар былтыр басталған. Мердігер – «Жаңа-Арқа-2006» ЖШС. 2024 жылға 10 шқ. жолдың орташа жөндеу жұмыстарына 511 млн теңге қаржы бөлініп толық игерілген. 2025 жылға 12 шқ. жолдың орташа жөндеу жұмыстарына 755 млн теңге қаражат қарастырылған. Қалған 6 шқ жолдың орташа жөндеу жұмыстарына 234 млн теңге қаржы қажеттілігі айтылды. Облыс әкімі, жолдарды сапалы әрі кестеден кешіктірмеуді тапсырды.
Аймақ басшысының жұмыс сапары Ақтүбек округіне қарасты «Асар» шаруа қожалығында жалғасты. Шаруа қожалығы 2015 жылы құрылған. Басты ерекшелігі-киіктерді қолға үйретеді. Қазір онда 1000 бас киік және 333 бас жылқы бар.
Мадияр ӘЛЖАППАР «Асар» шаруа қожалығының құрылтайшысы
Қазіргі таңда шаруашылыққа еліміздің әр өңірінен ғалым мамандар келіп, ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізуде. Киіктердің қалыпты дамуына барлық жағдай жасалынған. Болашақта басқа да жабайы аңдарды қолға үйрету жоспары қарастырылып, Қарағанды қаласы хайуанаттар бағының басшылығымен келіссөздер жүргізілуде.
Облыс әкімі шаруашылық иесіне мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау шаралары туралы айтып, туризмді дамытуға бағытталған мүмкіндіктерді түсіндірді. Қазіргі уақытта шаруа қожалық иесі ақбөкендерге қатысты арнайы заңның қабылдануын күтуде. Оның айтуынша, киіктерден алынатын өнімді реттейтін нақты заң жоқ. Заң шыққан соң ғана келешек жоспарлар жүзеге асырылады.
ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ, БЕКЖАН МАРАТҰЛЫ
«ҰЛЫТАУ»ТЕЛЕАРНАСЫ