Пәтер кілті табысталды
Ulytautv 09-июн, 14:24 0 ЖАҢАЛЫҚТАР / ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ
Құрбан айт-жақсылық пен жанашырлықтың,мейірім мен мұқтажға көмек берудің мерекесі. Осыған орай «Ұлытау» қайырымдылық қорының бастамасымен ұйымдастырылған шара аясында 3000-нан астам балмұздақ бүлдіршіндерге тегін таратылды.Тұрғындар арасында ұтыс ойындары өткізіліп,жиналған жұртшылық түрлі сыйлықтарға ие болды.
Ерлан ЕРИШЕВ «Ұлытау» қайырымдылық қорының төрағасы
Іс-шара барысында қор пәтердің он бірінші кілтін тапсырды. Жаңа баспана иесі- Сәтбаев қаласының тұрғыны,төрт бала тәрбилеп отырған ана Сандуғаш Нұржанова.
Сандуғаш НҰРЖАНОВА Сәтбаев қаласының тұрғыны
Мерекелік жиын барысында кәсіпкерлердің қолдауымен түрлі тұрмыстық техника, тіпті Умра қажылығына жолдама сынды бағалы сыйлықтар ұтысқа қойылды.Әрбір жүлде-қатысушыларға қуаныш сыйлап,мерекенің мәнін арттыра түсті.
Нұрғали АЯПБЕРГЕНОВ қала тұрғыны
Игі шараны ұйымдастыруға Жезқазған қаласы мен Ұлытау облысы әкімдіктері де қолдау көрсетті.Қор өкілдері мұндай қайырымдылық шараларды алдағы уақытта да тұрақты түрде өткізуді жоспарлап отыр.
АЙДАНА БАЗАРБАЙҚЫЗЫ, БЕКЖАН МАРАТҰЛЫ
«ҰЛЫТАУ» ТЕЛЕАРНАСЫ