Мейірімнің мерекесі Құрбан айт
Ulytautv 09-июн, 15:21 0 ЖАҢАЛЫҚТАР / ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ
Аталған ұлық мейрамда жезқазғандық жамағат таң сәріден «Ахмет Ишан Оразайұлы» атындағы орталық мешітке жиналып айт намазын оқыды. Айт намазына ағылған жұрттың қарасы қалың.
Нұрлыбек АЙТҰРСЫН қала тұрғыны
Бұл күні қалың көпшілік ел тыныштығы мен бірлігі үшін дұға етті. Рамазан айы басталғанда сауат ашу орталығының шәкірттері Қасиетті құран кәрімді мәнерлеп оқу бойынша жарысқа қатысқан болатын. Сол жарыстың нәтижесі айттың бірінші күні жарияланып, 1-орынды жеңіп алған шәкіртке Умраға жолдама табысталды. Басқа да жүлдегерлерге бағалы сыйлықтар берілді.
Ерсұлтан ЖАҚСЫГЕЛДІ III орын иегері
Мейрамға орай мешіт ауласында спорттық шаралар да ұйымдастырылды. Яғни, Айт намазынан кейін мұнда қол күрес,серке көтеру, асық ату және арқан тартыс сынды ұлттық ойындарымыз ойналды.
Алдияр ӘМІРӘЛІ қала тұрғыны
Ұлытау облысының бас имамы Бейбіт Жансарин тек ет таратумен шектелмей, бұл күндері жағымды сөз, жылы тілек те айтылуға тиіс дейді. Сондай-ақ, құрбан шалудың және қайырымдылық жасаудың сауабы жайлы да кеңінен тоқталды.
Бейбіт ЖАНСАРИН Ұлытау облысының бас имамы
Қасиетті мереке халықты бейбітшілік пен татулыққа, өзара сыйластыққа, береке-бірлікке үндейді.Бұл күні азаматтар бірін-бірі сыйлықпен қуантқаны жақсы үрдіске баланады. Жиналған жұрт ел-жердің амандығын тілеп, жылы лебізбен тарқасты.
ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ, ДУМАН ОРАЗОВ
«ҰЛЫТАУ» ТЕЛЕАРНАСЫ