ОТБАСЫ КҮНІНДЕ ОТАУ ҚҰРДЫ
Ulytautv 15-май, 12:59 0 ЖАҢАЛЫҚТАР / ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ
Бүгін «Ахмет Ишан Оразайұлы» мешітінде Әділжан Әбілғазиев пен Батпа Халық некелерін қиды. Әділжан- ішкі істер органдарында қызмет атқарса, Батпа- жас ұрпаққа білім мен тәрбие беріп жүрген ұстаз. Мешітте өткен рәсімде жас жұбайлар өмірлік серттерін беріп, шаңырақ көтерді. Ең бастысы Әділжан құсын қолына қондырғанына ерекше қуанышты.
Әділжан ӘБІЛҒАЗИЕВ Жезқазған қаласының тұрғыны
Жастардың қуанышын бөлісуге келгендердің де қарасы қалың. Қала әкімідігінің өкілдері қатысып, жас жұбайларға ақ тілектерін жеткізді.Ақ жаулықты әжелер шашу шашып, бата берді.
Көпбалалы ана жас келіннің иығына ақ орамал жауып, ұлттық дәстүрді ұлықтады. Әділжанның ата-анасы Жанғазы Бейсенәлі мен Кенжегүл Сақтағанова баласының отбасы күнінде отау тіккеніне мәз-мейрам.
Кенжегүл САҚТАҒАНОВА ата-ана
Осындай тағлымды шаралар- отбасы мәртебесін көтеріп, ортақ құндылықтарды дәріптеуге негіз болатын анық. Біз де жас отбасыға ақжарма тілегімізді айтып, қуаныштарына ортақтасып қайттық.
ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ АСХАТ ЖАҚСЫЛЫҚ
«ҰЛЫТАУ»ТЕЛЕАРНАСЫ